Шымкентте мүгедек анасын айуандықпен өлтірген ер адам жазадан құтылып кетті

Сымбат Сатыбалдина
Видео кадры

Шымкентте мүгедек анасын айуандықпен өлтірген ер адам жазадан құтылып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Информбюро31 мәліметінше, 30 жастағы Дархан Жорабековтің шизофрения дертіне шалдыққаны анықталған. Сол себепті сот оны түрмеге емес, арнайы психиатриялық мекемеге жіберу туралы шешім қабылдады. Тергеу мәліметінше, ол қылмыс жасаған сәтте есі дұрыс болмаған.

АЙЫПТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Айыптау қорытындысында Жорабеков алдымен анасын пышақтап, кейін қансырап жатқан денесін далаға шығарып өртеп жібергені жазылған. Ол бұған дейін бірнеше рет ұрлық үшін сотты болғаны анықталған. 

СОТ НЕ ДЕЙДІ

Сот егер ол емделіп, жағдайы жақсарса, кейінірек түрмеге ауыстырылуы мүмкін екенін де атап өтті.

– Сотталушы – шизофренияның параноид түрімен ауыратын науқас. Қылмыс жасаған кезде ол өз әрекетінің мәнін түсіне алмаған және оны бақылауға қабілетсіз болған. Яғни, есі дұрыс емес адам ретінде ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Мұндай азаматтарға жаза емес, ем қабылдау шарасы қолданылады, – деді Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әлинұр Қарабаев.