Коронавирустан емделіп жатқан 62 науқастың жағдайы өте ауыр

Ulysmedia

13 қаңтардағы мәлімет бойынша, 35 710 адам коронавирус инфекциясынан (–33 936+ және 1 774 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ҚР ДСМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 35 710 науқастың ішінде 3 888 пациент стационарда, 31 822 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 206 адамның жағдайы ауыр,

• 62 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.