Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

Ulysmedia

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 89 адамнан анықталып, 2 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, аталмыш дерттен 142 адам емделіп шықты. 2020 жылдың 13 наурызынан бері 84563 адам ауырып, 5231 адам қайтыс болды. Жазылып шыққандар саны 77613 адамды құрап отыр.