Қаңтардағы қақтығыс: Тараз тұрғыны бақылау бекетінде оққа ұшты

Ulysmedia

36 жастағы Асхат Бегешов Тараздағы бақылау-өткізу бекетінде оқ жарақатынан қаза болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Заңгер Руслан Түсіпбеков әлеуметтік желідегі қайғылы оқиға туралы айтып берді. Оның айтуынша, оған марқұмның туыстары хабарласқан. Ол Асхат пен оның достарына Тараздағы бақылау-өткізу бекетінде оқ атылғанын және оқтың ешқандай ескертусіз атылғанын айтты.

«Асхат көлікте қаза тапты. Оқ ешқандай сіз атылған. Снайпер атқан алғашқы оқ оның басына тиіп, ол оқиға орнында жазым болды. Тағы екеуін әскерилер алып кетті. Олар Асхаттың мәйітін төтенше жағдай болған жерде қалдырып кеткен. Көлікке жан-жақтан оқ атылған», - дейді көргендер.

Олардың айтуынша, Асхаттың денесі таң атқанша жерде жатқан, оны мәйітханаға таңертең ғана жеткізген.

«Құжаттары, телефондары, жеке заттары жоқ. Бізге тергеушінің аты-жөні айтылды, бірақ әлі күнге дейін хабарласа алмадық. Олар маған кезек күтуім керектігін айтты», - деп жазды заңгер.

Оның айтуынша, көлікте Асхатпен бірге екі досы болған, олардың бірі тергеу изоляторында, екіншісі оқ жарақатымен ауруханада жатыр.

«Асхаттың әке-шешесі қазіргі уақытта қайғыдан қан жұтып отыр. Әйелінің күйін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Асхаттың артында кішкентай сәбилері қалды, бірі екі жаста, кенжесі бір жаста», - дейді Түсіпбеков.

Заңгер мемлекеттік органдар болған оқиғаға үнсіз қарап отырғанын айтады. Ол «Асхаттың өлімі қайтыс болғандар туралы ресми статистикаға кірмеген» деп күдіктенеді.

Руслан Түсіпбеков кінәлілерді жауапқа тарту үшін барлық қайғылы жағдайларды тергейтін қоғамдық комиссиялар құру қажет деп санайды.

«Әскерилерді әскери трибунал соттай берсін. Жағдай былай, достар. Егер мемлекет осы адам өлтіру фактілерінің барлығымен халықаралық институттардың айналысуын қаламаса, ал жаппай шағымдар бола беретіні сөзсіз болса – онда ол әскерилердің жазасын мемлекет өз қолына алуы керек», - дейді заңгер.

Еске сала кетсек, 2 қаңтарда Жаңаөзенде митингке шыққандар екі есе – 60 теңгеден 120 теңгеге бір-ақ өскен газ бағасын түсіруді талап етті. Өкінішке қарай, кейінірек бұл талап орындалғанымен, дені елдің оңтүстігінде және батыста жағдай ушығып кетті. 

5 қаңтарға қараға түні Алматыда жағдай күрделеніп, көшеде атой салғандар полиция көліктерін өртеп жіберді. Алғашқы тәртіп сақшылары жарақат алды. Оңтүстік астанада әкімдік қызыл жалынға оранып, жедел жәрдемге шабуылдағандар бейбіт тұрғындар мен күштік құрылым өкілдерін соққыға жықты. Осы түні тек Алматы қаласында 120 көлік құралы өртеніп, оның ішінде 33 полиция машинасы мен жедел жәрдем, өрт сөндіру машиналары жанып кетті. 120 сауда орны, 180 қоғамдық тамақтану орны және 100-ге жуық кеңсе бүлінді. Зәбір көрген 500 адамның 130-ы әйелдер мен қариялар болды.

Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында, одан соң барлық ел аумағында 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай жарияланды.