Әкімге қарсы петиция: Кезек Көлгінов пен Әйтеновке келді

Зарина Қаһарман

Биыл 5 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Үкімет таратылды. Ауыс-түйістер басталып, лауазымды тұлғалар жаңа қызметтеріне кірісіп кетті. Енді «Қала әкімдері мен облыс әкімдері қашан ауысады?» деген заңды сұрақ туындайды. Бірқатар қала тұрғындары әкімді ауыстыру туралы петиция жариялап, қол жинауды бастап кетіпті. Ulysmedia.kz еліміздің аймақтарындағы әкімдер қызметіне қашан кіріскенін, қай әкім бір орында көп тұрақтап, қай әкім тұрғындардың есінде қандай жұмыстарымен есте қалғанына шолу жасап көрді.

Коллаж: ulysmedia.kz

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА КӨЗ ЖҰМА ҚАРАЙДЫ

Бірінші кезекте қай әкімдер ауысатыны белгісіз, бірақ қай өңір тұрғындары әкімді ауыстыру туралы петицияға қол қоя бастағаны белгілі болды. Еліміздің бас қаласы – астана тұрғындары «бірнеше жылдан бері бұзылған құқықтарын қорғауды» сұрап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді. Қазіргі уақытта құжатқа 312 адам қол қойған.

Құжат авторының айтуынша, қала басшысы үлескерлерге, көп балалы ата-аналарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге және басқа да азаматтарға қиындық туғызып отыр.

«Есептік кездесулерде тек уәделер ғана болады. Елорда әкімі Көлгіновтің әрекетсіздігі туралы петицияға қол қоятын кез келді» делінген құжатта.

ЖАППАЙ ТӘРТІПСІЗДІК СЫНАҒЫНАН ӨТЕ АЛМАДЫ

Шымкент тұрғындары да қала әкімі – Мұрат Әйтеновтың қызметтен босатылыуын талап ететін петицияға қол қоюды бастап кетті. Қазіргі уақытты петицияға 400-ден астам тұрғын қол қойған.

«Біз Шымкент қаласының әкімі Әйтенов мырзаның тәртіпсіздіктер мен қиыншылықтар сынағынан өте алмағандығын аса зор наразылықпен атап өтеміз. Шымкент үшін ең қиын күндері қаланың әкімі көпшілікке арналған алаңнан жоғалып, өзінің орынбасары Шыңғыс Мұқанды халыққа шығарып салды, ал ол әлі күнге дейін қала тұрғындары алдында Наурыз-2021 мерекесін өткізуге жарты миллиард жұмсағаны үшін есеп бермеген және шымкенттіктер арасында өте күмәнді беделге ие.

Бүгін Әйтенов мырза лаңкестерге өзінің қаһармандық қарсылығы туралы айтуда, бірақ оған сенім жоқ. Еліміздің үшінші мегаполисіндегі биліктің сауатты және мінсіз өкілі ретіндегі халықтың сенімін әкім Әйтенов өзінің халыққа қарсы шешімдерімен баяғыда және біржола жойды», - деп жазылған құжатта.

ТӨРТ КҮН БОЙЫ ТӨБЕ КӨРСЕТПЕДІ

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қызметінен босатылылуы туралы петицияда қол жинау бойынша көш бастап тұр. Петицияға қазіргі уақытта 26 105 адам қол қойған.

Алматы қаласының тұрғындары Бақытжан Сағынтаев өмірлеріндегі ең қиын сынақ – жаппай тәртіпсіздік кезінде халыққа қолдау көрсете алмағаны үшін наразы.

«Бақытжан Сағынтаев қала үшін қиын күндерде тұрғындарға моральдық та, физикалық тұрғыда да қолдау көрсетпеді. Ол алматылықтарға үндеумен эфирге шыққан жоқ. Біз оны 8 қаңтарға дейін қоғамдық алаңда көрмедік. 4 қаңтардан бері лаңкестерқалаға шабуыл жасаған кезде ол төбесін де көрсеткен жоқ.

Еліміздегі ең ірі мегаполистің әкімі 4 күн бойы халықтан жасырынып қалды. Қазіргі қала әкімінің әрекеті мен әрекетсіздігіне ренжігеніміз жүйелі сипатқа ие. Сағынтаев мырза ең қиын сәттерде өзін көшбасшы ретінде көрсете алмады деп санаймыз», – деп жазылған құжатта.

Еске сала кетсек, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин отставкаға кету туралы петицияға қатысты түсініктеме берген болатын. Әкім өзіне қарсы петицияны шошқа өсіретін фермерлер ұйымдастырғанын айтты. Ол  кадрлық шешімдерді Мемлекет басшысы қабылдайтынын, Президент оны бұл қызметте қаншалықты қажет деп санаса, сонша уақыт болатынын айтты.

ЕҢ ҰЗАҚ ОТЫРҒАН ӘКІМ АХМЕТОВ

Осы орайда 3 мегаполис пен 14 облыстың әкімі қызметіне қашан кіріскені және олар қандай жұмыстарымен халықтың есінде қалғаны туралы тоқталып өтсек.

Сонымен әкімдердің басым бөлігі 2019 жылы тағайындалғанаға ұқсайды. Бір орында ең көп отырған – Шығыс Қазақстан облысының әкімі. Даниал Ахметов 2014 жылдың 11 қарашасында Шығыс қазақстан облысы әкімі болып тағайындалды. 2021 жылдың шілде айында Өскемен мен Семей кәсіпкерлері оның отставкаға кетуін талап еткен болатын. Дөңгелек үстел отырысында кәсіпкерлер облыстың қазіргі басшылығы тарапынан жіберілген заң бұзушылықтарға тоқталып өтті. Олар облыс әкімі Даниал Ахметов сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтарға жүйелі түрде жол беріп отырғанын алға тартты. Ең қызығы – журналистер үшін дөңгелек үстелдің өтетін уақыты соңғы уақытқа дейін құпия болып қалды. Шараға тек Семей, Өскемен, Глубоковский ауданы мен Зайсан қаласының кәсіпкерлері, Семей қаласы мәслихатының депутаттары мен қоғам өкілдері қатысқан.

АҚОРДАҒА МҮМКІНДІК

Ал, Талдықорғанда жаппай толқу кезінде «Тыңда епт» деп одан сайын халықтың ашуын туғызған Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев қызметіне 2 ай бұрын, 2021 жылы 24 қарашада кірісті. Еске сала кетсек ulysmedia.kz елде қаңтар дүрбелеңі болған күні әкімдердің өзін қалай ұстағаны туралы шолу берген болатын.  Ал петиция а келсек, Қазақстанда қазір белең алған қарсылық шараларының бірі. Бүгінде елде әйелдерге зейнет жасын қысқарут туралы петицияға қол жиналып жатыр. Бұдан бұрын АЭС құрылысына қарсы петиция іске қосылған. Сондай ақ, утильалымға қарсы да құжатқа қол жиналды. Елде митинг кезінде қойылған талаптардың бірі әкімдердің сайлануы. Әкімдерге қатысты петиция соңы неге әкелетіні белгісіз. Дегенмен, бұл Ақорда үшін, керек емес адамдарды алып тастауға жақсы мүмкіндік.