Қаңтар қақтығысы: Алматылық кәсіпкерлерге жеңіл несие беріледі

Ulysmedia

«Silkway», «Пассаж», ЦУМ, «Москва» ғимараттарының жалға алушылары жалға алу төлемінен 6 айға мерзімге босатылады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Сонымен бірге олар коммуналдық төлемнен 3 ай босатылады.

Дүрбелең кезінде зардап шеккен алматылық кәсіпкерлерге «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның кепілдігі немесе жартылай кепілдігі арқылы 12 ай мерзімге жылдық 2%-бен 10 миллион теңгеге дейін несие беріледі.

«Almaty Finance-та несиесі бар алматылық кәсіпкерлерге негізгі қарызды өтеу бойынша мерзімді шегеру мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар олар айыппұлдар мен өсімпұлдардан 180 күнге босатылады», - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.