Қаңтардағы оқиғалар кезінде елден 64 мыңнан астам адам кеткен

Ulysmedia

Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі 2022 жылы 4-12 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп, 64 048 Қазақстан азаматтары елден кеткенін хабарлады.

«Сонымен бірге, тәртіпсіздікке байланысты 2022 жылдың 6 қаңтары мен 12 қаңтары аралығында Алматы әуежайында халықаралық рейстер орындалмаған. Адамдардың, оның ішінде құрлықтағы өткізу пункттері арқылы өтуі Қазақстанда коронавирустық инфекцияның туындауы мен таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бекіткен карантиндік шектеулер кезеңінде шекарадан өту тәртібінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады», - деп толықтырды министрлік.