«Әйтпесе қатаң шара қабылданады» - Самұрық-Қазынаға 1 ай уақыт берілді

Ulysmedia

Президент алып қор сатып алу мәселесін реттемесе қатаң шешім қабылдайтынын ескертті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Бәсеке жолынан тыс сатып алу үлесі әлі де көп. Импорт өнімдерін шетелге Қазақстандыкі деп апаратын бір күндік компаниялар қатаң сүзгіден өтпейді. Бұл проблема шұғыл шешімді талап етеді. Әсіресе «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларына баса назар аудару керек. Кулуардағы әңгіме, жабықтық, қымбаттаған баға – осы факттардың бәрімен шұғыл айналысу керек. Енді баяулайтын кез емес. Бір ай беремін – оған қоса соңғы рет! Шешім болмаса қатаң шаралар қолға алынады», - деді президент бизнес өкілдерімен кездесу барысында.

Президент «Платон менің досым, бірақ шындық одан қымбат» деген формуланы ұстанатынын мәлім етті.

«Бұл барлық мәселеге қатысты. Мемлекеттің мүддесі – мен үшін кез келген қарым-қатынастан биік. Мемлекет үшін керек болса – мен дайынмын! Өте ауыр шешімдерді қабылдадым. Алда да солай істеймін», - деді ол.