Коронавирус: «Сары» аймақта Түркістан облысы ғана қалды

Ulysmedia

Өткен тәулікте 14 012 жағдай тіркелді, оның ішінде 132 жағдай Түркістан облысына тиесілі, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

2022 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенсек, Қазақстанда екінші күн коронавирусты жұқтырушылар санының аздап төмендеуі байқалады.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Cұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Түркістан облысы.

«Жасыл» аймақта бір де бір өңір тіркелмеген.