Қазақстанда онлайн университеттер ашылады

Ulysmedia

Ведомствоның алқа мәжілісінде Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Қазақстанда алғашқы онлайн университеттерді ашу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары білім беру жүйесіне жаңа оқыту құралын енгізуді жоспарлап отыр. Біз жаңа формат – онлайн оқыту туралы айтып отырмыз. Елімізде алғашқы онлайн университеттер ашылады», - дейді вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Сондай-ақ, ол жоғары оқу орындарында оқуға берілетін гранттар саны 5 мыңға көбейтілетінін айтты. Оның 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінеді.