Қазақстанда әйелдерге арналған вагондарға сұраныс артты

Ulysmedia

Осы орайда тағы 6 бағытта вагондар ашылды деп хабарлайд, ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық тасымалдаушы халықтың сұранысын ескере отырып, 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап әйелдер вагондары бар пойыздардың санын көбейту туралы шешім қабылдады. Жоба пилоттық режимде тағы алты:  

1) № 45/46 "Павлодар-Шымкент";

2) № 85/86 "Нұр-Сұлтан-1-Шымкент";

3) № 37/38 "Маңғыстау-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Семей";

4) № 47/48 "Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол-Атырау";

5) № 379/380 "Алматы-2-Орал";

6) № 73/74 "Алматы-2-Жезқазған" жолаушылар пойызында жұмыс істейді.

«Интернет-сайттарда және билет кассаларында әйелдер вагондарына теміржол билеттерін ресімдеген кезде жолаушылар мұқият болып, шартты белгілерге назар аударуы тиіс. Әйелдер вагондарына ертіп жүретін адам болған кезде 7 жасқа дейінгі еркек жынысты балаларды ресімдеуге де жол беріледі.Жол жүру барысында сұрақтар туындаған кезде жолаушылар өз вагонының жолсерігіне немесе пойыз бастығына жүгіне алады»,- делінген "Қазақстан темір жолы "ҰК"АҚ баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айында клиентке бағдарлану және сервис деңгейін арттыру үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ №77/78 "Алматы - Маңғыстау" және №351/352 "Алматы – 1-Өскемен"жолаушылар пойыздарында әйелдер вагондарында жол жүру қызметін іске қосты. Жоба іске қосылған сәттен бастап, 2021 жылғы 10 қазан мен 31 желтоқсан аралығында бұл қызметті 13243 әйел жолаушы пайдаланған.