Біздің әйелдер объект емес, агент, Дуров мырза!

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Зерттеуші, халықаралық заңгер Әйгерім Құсайынқызы Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың қазақ қыздарына қатысты айтқан сөзіне жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әйгерім Құсайынқызы Дуровтың “Қазақстанға жар іздеп келеміз” деген сөзіне жауап берді. 

- Бір ескертпепіз бар: “Қазақстанға жар іздеуге келеді” деген қалжыныңыз біздің қоғамда кең талқыға түсіп жатыр. Көшпенді қазақ қоғамының әйелдері үнемі объект емес, өзгерістің агенттері болған. Ал біз, сол ұрпақтың жалғасымыз. “Қазақстанға жар іздеп келеміз” дейтіндердің әрекетін күлкі ретінде қолдану – бізді тауарша сипаттау әрі мәдениетімізді сыйламау, дейді Әйгерім. 

Ол Қазақстан “жар базары” емес, идеялар елі екенін атап өтті.

- Қыздарымыз объект емес, өзгерістердің жаңа агенті. Біз экспорттайтынымыз білім, технология және адам құқықтарына құрмет, дейді ол. 

Әйгерімнің сөзінше, бұл қалжың форматында болған риторика әйелдерді субъектіктен айырып, елдің білім мен технологияға негізделген күн тәртібіне, сондай-ақ гендерлік теңдік бойынша жүргізіліп жатқан реформаларына қайшы келеді.

- Біз диалогты “стереотиптен” емес, инновация мен инклюзиядан бастауды ұсынамыз. Әпке-қарындастарын өзге ұлттардан қызғыштай “қорғайтын”, себебі бізді “ұлт меншігі” көретін уытты маскулиндіктің майын тамызып тұрып сізге дәріс-ақыл айтар біз қаламаған, Құдайдан сұрамаған аға-інілеріміз сізге қоқанлоққы көрсетіп жатса, себебі сіздің сөздеріңіз екенін ұмытпаңыз. Ескертіп қоюды жөн көрдім, дейді ол. 

Құсайынқызының айтуынша, ғылыми тілмен айтсақ, мұндай “жылы” реңкті әзілi бар дискурс benevolent sexism – “сыпайы сексизмнің” классикалық көрінісі.

- Әйелге “жар/ана” рөлімен ғана құндылық беру, ал қоғамдық-экономикалық агенттігін көлеңкеде қалдыру. Сонымен қатар, objectification theory тұрғысынан мұндай пікір әйелдерді “басқаның көзімен қаралатын дене” ретінде көруге итермелейді. Ол өз-өзіңді қадағалау, мазасыздық, кәсіби кеңістікте дауыстың бәсеңдеуі сияқты салдарға апарады. Бұл теория кейінгі эмпирикалық шолуларда да расталып келеді, дейді Әйгерім. 

Әйгерім Қазақстан – “жар таңдауға” арналған ел емес екенін тағы да баса айтты. 

- Бұл ел білімге, технологияға және адам қадір-қасиетіне сүйенеді. Әйелдерді объектилеуді қалыпты ететін риторикаға нөлдік толеранттылық көрсету қажет. Біз инклюзивті, қауіпсіз және әділетті мүмкіндіктерге толы ел құрғымыз келеді, деп жазды Әйгерім. 

ДУРОВ НЕ ДЕП ЕДІ?

Еске салайық, Астанада басталған Digital Bridge 2025 халықаралық форумына Telegram негізін қалаушы Павел Дуров арнайы келді. Сөзінің басында ол Қазақстанға келу себебін әзілмен бастап, көпшіліктің назарын аударды. Ол “Қазақстанға жар іздеуге емесғ ЖИ үшін келдім” деген еді.