Астанада кезекті Digital Bridge форумы дүркіреп өтті. Іс-шараға қатысқан адамдардың айтуынша, биыл форумға кіру ақылы болғанына қарамастан, сессияларға кезек бұрынғыдан да ұзақ болған. Ulysmedia.kz бұл ауқымды форум бюджетке қаншаға түскенін профильді министрліктен анықтамақ болды. Бірақ олар e-otinish жүйесіне сілтеп, нақты жауап бермеді. Бұл цифрлық форумды кім ұйымдастырды және оған қанша қаржы жұмсалды? Ресми жауапты күтіп отырған кезде, ашық дереккөздерден ақпарат іздеп көрдік.
Digital Bridge форумы Қазақстанда 7 жылдан бері өткізіліп келеді. Алайда 2025 жылы ол алғаш рет барлық қатысушылар үшін ақылы болды. Бұрын тек танымал сарапшылардың сессиялары мен кейбір жабық кездесулерге ғана ақы алынатын, ал форумға келіп, «технология қай деңгейге жеткенін» көру, панельдік сессияларды тыңдау баршаға қолжетімді болатын.
Биыл билеттер бағасы 9 990 теңгеден басталып, VIP орындар үшін жарты миллион теңгеге дейін жеткен. Шара өткізілетін күн жақындаған сайын, билет бағасы да қымбаттаған.
– Digital Bridge форумы дәстүрлі түрде студенттерді, жас IT-мамандарды, стартап өкілдерін және аймақтардан келген қатысушыларды тартатын. Дәл осы адамдар мұндай іс-шаралардың басты бенефициарлары болуы тиіс. Алайда 9 990 ₸ (ал 1 қазаннан кейін – 14 990 ₸) тұратын ақылы билет енгізілуі форумды шектеулі шараға айналдырып отыр. Ірі корпорациялар үшін бұл — елеусіз шығын, бірақ студент немесе жас маман үшін — елеулі кедергі, — деп жазады Дмитрий Каминский.
– Парадокс: жастардың индустрияға енуіне көмектесуі тиіс форум, керісінше, оларға есігін жауып отыр, — дейді ол.
Мүмкін, ұйымдастырушылар ақылы кіру билеті АЭК Expo-ның салыстырмалы түрде шағын ғимаратындағы ажиотажды азайтады деп үміттенген болар. Бірақ, егер солай болса, бұл ойлары іске аспады.
Ulysmedia тілшілері форумда ұзын-сонар кезектердің куәсі болды. Сонымен қатар, 10 мың теңгелік билет форумдағы барлық спикерлерді тыңдауға мүмкіндік бермейтіні анықталды.Мысалы, мұндай билет адамдар Павел Дуров, Нұрлан Сабуров, Қазақстан президентінің қатысуымен өткен сессияларына кіре алмаған.
Бұған қоса, форумға кіру ақылы болғанымен, онда соған сай интернет болмаған. Журналистер 2025 жылғы Digital Bridge форумының ұйымдастырылуы тарихтағы ең нашар деңгейдеболғанын жазды.
Форумға қанша қажы жұмсалғаны әлі белгісіз. Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин министрлік форумға бір тиын да жұмсамағанын мәлімдеді, бірақ ресми сұрау түскен жағдайда, шараның нақты құнын жариялауға уәде берді.
Ресми дереккөздерде Digital Bridge форумының ұйымдастырушысы — Astana Hubинновациялық технологиялар паркі екені айтылған. Ұйымның жарғысында көрсетілгендей, Astana Hub тікелейҚазақстан Республикасы Үкіметіне бағынады. Яғни, бұл — мемлекет бақылайтын құрылым, сондықтан оның шығындары да қоғамға ашық болуы тиіс.