«Досаев біздің әкім емес»: Алматыда бейбіт митингі өтіп жатыр

Ulysmedia

Алматыда әкімдер сайлауына байланысты митингі өтіп жатыр. Оны өткізуге алдын-ала рұқсат алынған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: МИСК

Бұл туралы Фейсбуктегі МИСК парақшасында жазылды.

Жиналғандардың қолындағы плакаттарға және олардың сөздеріне сүйенсек, митингтің басты талабы – барлық деңгейдегі әкімдер сайлауын енгізу және Парламентті тарату. Сондай-ақ, қала тұрғындары Ерболат Досаевтың әкім болуына қарсы.

Олар қолдарына «Батыр қала Алматыға Досаев лайықты емес!», «Қала әкімін өзіміз сайлаймыз», «Досаев біздің әкім емес» деген сөздер жазылған плакатпен шықты.

Бұл Қазақстан тарихындағы әкімнің өзін отставкаға жіберуіне қарсы митинг өткізуге рұқсат берген алғашқы жағдай.

Қала тұрғындары сағат 12:00 шамасында Ұлттық Ғылым Академиясына қарама-қарсы Шевченко көшесіндегі Шоқан Уәлиханов ескерткішінің жанында жиналды. Митингке 150-ге жуық адам келді, олардың арасында осы оқиғаны беріп жатқан журналистер бар.

Еске сала кетсек, Ерболат Досаев Алматы әкімі болып тағайындалған болатын.

Сондай-ақ, ол өзіне қарсы митинг өткізуге рұқсат берді.