Қазір мамандар теңіз арнасы мен оған іргелес акваторияны тереңдетуге дайындық жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Каспий теңізінің қатты таяздануына байланысты ЖЭО-2 су алу каналында түбін тереңдету жұмыстарына дайындық басталды, деп жазады lada.kz.
САЛЫСТЫРМАЛЫ ДЕРЕКТЕР
Теңіз деңгейі Балтық биіктік жүйесі бойынша –29,71 метр белгісінде тіркелген. Ал 1995 жылы бұл көрсеткіш –26,85 метр болған. «МАЭК» кәсіпорны бас директорының орынбасары Ерболат Ибрагимовтың айтуынша, қалыптасқан жағдай ТЭЦ-2 су алу каналы маңындағы жағалау сызығының шегінуіне әкелді. Бұрын теңіз бөлігі 590 метр болса, қазір ол бар болғаны 145 метрге дейін қысқарған.
– Сондай-ақ су алу каналының шығыс-оңтүстігінде ені 500 метрден асатын таяз аймақтар пайда болған. Теңіз деңгейінің одан әрі төмендеуі ТЭЦ-2 каналына теңіз суының түсуін айтарлықтай шектеу қаупін тудырады, – деді Ибрагимов.
КОНТЕКСТ
25 қазанда қазақстандық синоптиктер Каспий теңізі деңгейінің одан әрі төмендегенін тіркеді. Ең көп зардап шегіп отырған аймақ – теңіздің қазақстандық бөлігі.