"Алика Мұхамадиева түрмеге отырмауы мүмкін" - адвокат

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Белгілі адвокат Джохар Өтебеков Алика Мұхамадиеваның сот ісіне қатысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, айыпталушының жасаған қылығы – жеке сенімнен емес, отбасындағы көзқарастардан туындаған болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Шынайылығына сенбеймін”

Заңгердің сөзінше, Мұхамадиева — бай, ықпалды ортадан шыққан адам және тәжірибелі қорғаушы жалдаған.

- Қажетті адамдар оған кінәсін мойындап, соттың мейіріміне үміт арту керек деп бәрін дұрыс түсіндірді. Бұл – есептелген тактика, – дейді Өтебеков.

“Заң оған қолайлы болды”

Адвокат Мұхамадиеваға сәттілік серік болғанын атап өтті. Себебі 15 қыркүйектен бастап Қазақстанның Қылмыстық кодексінде 14 жасқа дейінгі баласы бар аналарға жаза өтеуді кейінге қалдыру қарастырылған.

- Бұл шешімде заң шығарушы органға сұрақтар көп. Бірақ ол осылай шешті: қылмыскер аналардың балаларының жағдайын қоғам мүддесінен жоғары қойды. Бұл бағытта алда әлі көп дау-дамай туындайды, – деп жазды Өтебеков.

“Алика түрмеге отырмауы мүмкін”

Адвокаттың пікірінше, жазаны кейінге қалдыру іс жүзінде шартты жазамен тең.

- Мұндай жағдайда кейін түрмеге отыру сирек болады. Оның үстіне Аликаның мүмкіндігін ескерсек, ол жазасын шын мәнінде өтемеуі мүмкін, – деді ол.

“174-бапты гуманизациялау керек”

Өтебеков, сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 174-бабын (ұлттық және діни араздықты қоздыру) халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, гуманизациялау қажет екенін айтты.

- Адам құқықтарын қорғаушылар мұны жылдар бойы айтып келеді. Бірақ, өкінішке қарай, бұл жағдай мұндай талқылауға қолайлы мысал емес, – деп қорытындылады адвокат.

Соттағы соңғы сөз

Айта кетейік, қазақ халқы мен мұсылмандарды қорлағаны үшін айыпталған қарағандылық кәсіпкер Алика Мұхамадиеваға қатысты аяқталуға жақын. Бүгін Мұхамадиева сотта соңғы сөзін айтып, қазақстандықтардан кешірім сұрады.