Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылға арналған діни мерекелер кестесін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
КЕСТЕ
Кестеге сәйкес, миғраж түні 16 қаңтарға қараған түні болса, бараат түні 3 ақпанға қараған түні болады.
ОРАЗА
Оразаның бірінші күні 19 ақпан – бейсенбі күні болады.
ҚАДІР ТҮНІ
Қадір түні 17 наурызға қараған түні болмақ. Ал ораза айт 20 наурызда басталады.
Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.