Яна Легкодаимованың өлімі: прокурор күдіктілерді өмір бойына соттауды талап етті

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Сотта алдын ала сөз байласу арқылы Яна Легкодимованы өлтірді деп айыпталған сотталушыларға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Айыпталушылар — қылмыстан кейін марқұмның денесі мен телефонын өзенге тастаған екі адам. Құқық қорғау органдарына қайтыс болған қыздың денесін анықтау үшін 8 ай қажет болған.

- Алдын ала жоспарланған бұл қылмыс ерекше қоғамдық қауіптілігімен сипатталады. Қылмыс күш қолдану арқылы жасалған, айғақтарды жасыруға тырысқан, айыпталушылардың іс-әрекеті қылмыстан кейінгі суыққанды және адамгершілікке қайшы қылықтарымен ерекшеленеді. ҚР Қылмыстық кодексінің 39-бабының талаптарына сәйкес, жаза — әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамды түзету және оның да, басқа тұлғалардың да жаңа қылмыс жасауына жол бермеу мақсатында қолданылады. Адам және адам өмірі — Қазақстан Республикасының ең жоғарғы құндылықтары. Ешкім адамның өмірін өз бетінше қиюға құқылы емес, — делінген хабарламада.

Осыған байланысты прокурор ең жоғары жаза — өмір бойына бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұрады.

ЯНАНЫҢ ӨЛІМІ

Іс материалдарына сәйкес, 23 жастағы Яна Легкодаимова 2024 жылдың 18-нен 19 қазанына қараған түні өлтірілген. Қыздың денесі тек 8 ай өткен соң — биыл маусымда табылды. Полиция күдіктілерді Янаның күнделігі арқылы анықтаған.

Тергеу нұсқасы бойынша, Легкодаимованың жігіті Хайржанов қызды автокөлікте тұншықтырған, ал оның досы Катимов есікті ұстап, қыздың шығуына жол бермеген. Одан кейін олар денені қала сыртына алып барып, Талдыколь ауылы маңындағы Жайық өзеніне тастаған.