Қазақстанда заңға «Дінге сенбейтіндердің құқығы» түсінігі енгізілмек

Аян Өрібай

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нөкежанов мәлім етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

Ержан Нөкежанов

«Біз дінге сенетіндердің де, дінге сенбейтіндердің де құқықтарын сақтап, қамтамасыз еткіміз келеді. Осыған байланысты нақты түзетулер шеңберінде әлемдік тәжірибені негізге ала келе «Дінге сенбейтіндердің құқығы» түсінігін енгізгіміз келеді. Қазіргі уақытта «Дінге сенетіндердің құқығы» бар. Біз зайырлы мемлекетпіз. Дініне, ұлтына, конфессиясына қарамастан бізде заң бәрінен жоғары. Заң бәріне ортақ” – деді комитет басшысы.

Оған сонымен қатар Ауғанстаннан біздің елге жетуі мүмкін «идеологиялық экспорт» туралы сұрақ қойылды.

«Ауғанстандағы ахулаға байланысты Қазақстанның Сыртқы істері минисрлігінің ұстанымына сүйенеміз», - деді ол.