"Ақшаны далаға шаю" - белсенді сапасы нашар веложолдар туралы

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Алматылық белсенді Қанат Серікханұлы қаладағы веложолдардың қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл мәселесі белсенді әлеуметтік желідегі парақшасында көтерді. Ол үкімет сапасыз асфальт төсеп, кінәні ауыр жүк көліктеріне арта салатынын айтады. 

- Автокөлік жолдары жыл сайын шұрқ-шұрқ тесіліп, ойпаң-ойпаң ойылып қалады. Сонда жол жөңдеушілердің айтатыны: “Ауыр жүк машиналары жүреді. Көлік көп”. Ал мына веложолдарға не болды? Ешқандай түсіп жатқан ауыр салмақ жоқ. Жөңделмей жатқан жоқ, қыруар қаржы бөліп, оңбаған болып жатады. Ақша асфальтқа сіңіп, тепкішектеп тастай ма сонда, – дейді ол. 

Қанат Серікханұлы веложолдарға да ақша бөлініп, жөнделіп жататынын атап өтті. 

- Бірақ ақшаны далаға шайып жіберу ғой. Қайран үкімет, қайран әкімдік, қайран халықтың қаржысы, – дейді белсенді.