Соңғы апталарда Қазақстан билігі тәуелсіз журналистер мен медиаларға қысымды күшейтті. Бұл туралы бүгін тоғыз құқық қорғау ұйымынан құралған коалиция мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Human Rights Watch зерттеуінше, коалиция құрамына Amnesty International, Civil Rights Defenders, Crude Accountability, Freedom for Eurasia, Қазақстанның Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросы, Адам құқықтары жөніндегі Хельсинки қоры, Human Rights Watch, International Partnership for Human Rights және Норвегиялық Хельсинки комитеті кірді.
— Астана сөз бостандығы мен тәуелсіз журналистикаға қарсы шабуылды тоқтатуы тиіс. Онсыз адам құқықтары мен азаматтық бостандықтарды қорғау мүмкін емес, — деді Amnesty International ұйымының Орталық Азия бойынша зерттеушісі Мейзи Вайхердинг.
Оның айтуынша, Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі мен ақпаратқа қол жеткізу құқығын құрметтеп, қамтамасыз етуі қажет. Бұл талаптар құқық қорғау ұйымдарының бірлескен мәлімдемесінде де атап өтілген.