Өтіп бара жатқан жыл қазақстандықтарға жеңіл болмаған. DEMOSCOPE бюросының сауалнамасында осылай деп жазылған. Сауалнама қоғамда үрей деңгейі жоғары екенін, халық мемлекеттің реформаларын күмәнмен қабылдайтынын және үкіметке сенім деңгейі төмен екенін көрсеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.
DEMOSCOPE сауалнамасы бойынша, 2025 жылы қазақстандықтарды бәрінен қатты мазалаған мәселелер мынадай:
2025 жылы елді мазалаған келесі мәселелер мынадай:
Респонденттердің 11,9%-ы ештеңе мазаламайды деп жауап берген.
DEMOSCOPE сауалнамасында респонденттерден кез келген саладағы мейлінше жағымды не жағымсыз мәселелерді атап беруді сұраған. Олардың қатарында спорттық шаралар мен бағаның өсуі сияқты мәселелер бар.
Қазақстандықтар мейлінше маңызды деп санайтын топ-5 оқиға:
Респонденттердің 30,6%-ы биыл айтарлықтай ештеңе болған жоқ деп жауап берген. 13,7%-ы басқа оқиғаларды айтса, 25,1%-ы жауап беруге қиналған.
2025 жылдың қорытынды сауалнамасында бюро респонденттерден биліктің бастамаларына жеке баға беруді де сұраған. Атап айтқанда, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенатты таратып, парламентті бір палаталы ету жөніндегі ұсынысы туралы да сауалнама жүргізілген. Сауалнамаға сәйкес, респонденттердің 40,4%-ы ұсынысты қолдаса, 30,2%-ы бұл туралы ештеңе естімеген, 13,4%-ына бәрібір, ал 5,5%-ы идеяны қолдамаған.
Әлеуметтанушы, Paperlab зерттеу орталығының директоры Серік Бейсембаев бір палаталы парламент идеясын қолдаған 40% конституциялық реформаға деген қоғамның сұранысын көрсетпейді деп санайды.
«Біз бұл арадан патернализм мен билікті бір қолға шоғырландыру деңгейін көреміз. Бұл сұрақта «президент ұсынды» деген тіркес шешулі рөл ойнады деп ойлаймын, мұндай жағдайда заңдылық бір жақта қалып, көшбасшының жеке басын қолдау автоматты түрде оның бастамасын да мақұлдауға айналып шыға келеді. Тоқаевқа бейіл аудитория бар, бұл сұраққа жауапта сол аудиторияның ұстанымы көрініс тапса керек. Сауалнаманы талдау нәтижесі қолдаушылар негізінен 60+ (47%) екенін көрсетті, бұл кісілер кеңестік кезеңдегі билікті қолдаудан шыға алмай жүргендер, ал жастар (18–29 жас) бейхабар: бұл топтағылардың 40%-ы бастама туралы «ештеңе естімеген» болып шықты», – дейді сарапшы.
DEMOSCOPE бюросы қазақстандықтардан жақсарды-нашарлады-өзгерген жоқ деген принцип бойынша негізгі әлеуметтік салалардың жай-күйін бағалауды сұраған.
Нашарлады деген қатарға үшінші жыл қатарынан экология мәселесі енген. 49,4% респонденттің пікірі осындай. 41,9% өмір сапасы төмендеді деп санайды. Бұдан әрі қарай тізімде экономика тұр, респонденттердің 39,1%-ы бұл салада кері кету байқалды дейді. Жұмыссыздық пен жұмысқа тұру саласы да кері кетті деп санайды (35%).
Сауалнамаға қатысқан респонденттердің оң бағалаған салалар да бар. Мәселен, қазақстандықтардың үштен бірі білім беру жүйесінде (31,7%) және заң мен қауіпсіздік саласында (31,7%) жағдай жақсарды деп есептейді.
Сауалнама қорытындысы бойынша, өмірдің маңызды салаларында жағдай нашарлағанына қарамастан, қазақстандықтардың көпшілігі оптимистік күйді сақтап отыр. Респонденттердің жалпы 62,6%-ы өтіп бара жатқан 2025 жыл жағымды болды деп санайды. Оның ішінде 31,7%-ы 2025 жыл жағымды болды деуге болады десе, 30,9%-ы өте жағымды болды деп санайды. 12,2% ғана биылғы жылды жағымсыз деп атаған.
2026 жылды болжауда да жағымды көңіл-күй сақталып отыр. 65,5% респондент биылғыдан жақсы болады деп күтеді. 12,1% пессимизммен қараса, 12%-ы жаңа жыл да шамамен 2025 жыл сияқты болады деп ойлайды.