Өскеменде тұрғындар автобуста кішкентай қыздарға тиіскен ер адамды ұстады

Сырым Қаржас
Видео кадры

Өскемендегі қалалық автобуста жұрттың жағасын ұстатқан оқиға болды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам автобуста шамамен 10-12 жастағы қыз балаларға тиіскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мұны автобуста отырған жолаушылардың бірі байқап, балаларға араша түспек болған. Соның салдарынан әлгі ер адам мен жолаушының арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Оқиға видеоға түсіріліп, кейін желіге тараған.

Алайда мәліметке қарағанда, жанжалдан кейін күдікке ілінген адам қашып кетіп, ізін суытқан.

ПОЛИЦИЯ ЖАУАБЫ

Полиция қазіргі уақытта оның жеке басын анықтап, оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатқанын мәлімдеді.