Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтушылар саны қанша

Ulysmedia

Өткен жылдың соңында Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 9 млн адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жұмыспен қамтылғандардың ішінде 6,9 млн-ы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,7%) жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23,3%) өзін-өзі жұмыспен қамтушылар.

4-тоқсанда аптасына нақты жұмыс істеген сағаттар саны орта есеппен жұмыспен қамтылғандардың біреуінде 39 сағат, жалдамалы қызметкерлер арасында 41 сағат, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар арасында 34 сағатты құрады.

Толық жұмыспен қамтылмағандар (жұмыс көлемінің төмендеуіне, жұмыс берушінің бастамасы бойынша, сырғымалы жұмыс кестесіне және басқа да себептермен аз жұмыс істегендер) саны алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 9,9% өсіп, 268,9 мың адамды құрады.