Петропавлдағы оқиға: Елімізде психикалық дертке шалдыққандарды бақылау тәртібі өзгереді

Ulysmedia

Қазақстанда психикалық дерті бар науқастарды бақылау, оны есепке алу және шығару тәртібіне өзгеріс енгізілмек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы «Ашық» НҚА  порталында жарияланған құжатта айтылған.

Дәрігерлік-консультациялық комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылатын динамикалық байқауға алу, динамикалық байқауды алып тастау, есептен шығару және динамикалық байқаудың басқа тобына ауыстыру туралы деректерді енгізу тек электронды цифрлық қолтаңбамен расталған дәрігерлік-консультациялық комиссия мүшелерінің логин, паролі арқылы жүзеге асырылады, - деп жазылған құжатта.

Қолданыстағы заңнамада мұндай норма жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігінің түсінідіруінше, бұл жоба міндетті дербес есепке алу және МӘМС жүйесіндегі шығыстардың баршаға қолжетімді болуы үшін ұсынылған.

Еске салайық, 13 ақпанда Петропавл мектебінде балта және пышақпен қаруланған 9-сынып оқушысы 3 баланы жарақаттады. Оның психикалық дерті барына қарамастан Алматы қаласының Республиалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруға рұқсат берген. 

Осы оқиғадан кейін Қазақстанның барлық мектептерінде қауіпсіздік жүйесі тексерілетін болды

Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Петропавл мектебінде болған шабуылды тексеру нәтижесінде анықталған алдын ала деректерді жариялады.