Қазақстанда 10 баласы бар отбасыға қанша жәрдемақы төленеді?

Ulysmedia

2023 жылғы қаңтар айында көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 532,6 мың отбасына төленген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл мемлекеттік жәрдемақыны 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасылардағы:

- 4 баласы бар отбасыларғы – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК. Яғни, 10 баласы бар қазақстандық отбасы 138 000 теңге жәрдемақы алады.

Еске салайық, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.