Ішкі істер министрлігі республика аумағында 11 адамнан тұратын қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Олар Kyzdar.Net интернет-сайты арқылы жезөкшелікпен айналысатын адамдардың жарнамасын жасап, онлайн жеңгетайлықпен айналысқан.
ІІМ мәліметінше, күн сайын 2 млн теңгеге дейін пайда түсіріп отырған. Ал жылдық табыстары – шамамен 2 млрд теңге.