Қазақстанда 8 баласы бар отбасыға қанша жәрдемақы төленеді

Ulysmedia

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы орта есеппен 535,3 мың отбасыға төленген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ақпан айында 538 мың отбасына 33,8 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.

“Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады”, – делінген ведомство хабарламасында.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасылардағы:

- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде төленеді.