Қазақстанда кімдерге өмір бойы жәрдемақы төленеді

Ғалиасқар Думан

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов 1 шілдеден бастап көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақы көлеміне қатысты қандай өзгерістер болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

http://ernur.kz/

«1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекс аясында «Марапатталған аналар» туралы жаңа ұғым енгізіліп отыр. Бұл мәртебе көпбалалалы аналардың еңбегін құрметтеу және мойындау ретінде өмір бойына «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге беріледі. Бала тәрбиелеп, өсіріп отырған аналарға төленетін жәрдемақы 1 шілдеден бастап 7,4 айлық есептік көрсеткішке тең немесе 25 530 теңге болады», - деді министрдің орынбасары.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына төленетін жәрдемақы 552 теңгеге өсетіні хабарланған.