Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

Аян Өрібай

Президент құттықтауын мемлекет басшысы twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

Отбасы күні

«Отандастарымызды Отбасы күнімен құттықтаймын. Бұл мереке Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Бекем әрі бақытты отбасы – біздің елдің әл-ауқаты мен гүлденуінің негізі. Мемлекет отбасы институтын қолдап, кешенді отбасылық саясатты жүргізеді», - деп жазды мемлекет басшысы.

Айта кетсек, елде Отбасы күні Тұңғыш президент — Елбасының Жарлығымен 2013 жылдан бастап қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтедi. Биыл бұл мереке 12 қыркүйекке сәйкес келді.

Фото: ашық дереккөздерден