"Уақыты келді": Mechta.kz дүкендер желісінің атауын қазақшалау ұсынылды

Ғалиасқар Думан

Еліміздегі тұрмыстық техника сататын Mechta.kz дүкендер желісінің атауын қазақшалау ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2GIS

Бұл туралы журналист Гүлбану Әбенова мәлімдеді.

"Мечтаның" қазақшасы қандай?” деп сұрады эстониядан келген қонағым. "Арман" деп жауап бердім мен. “Әдемі. Мечта.kz-тің орнына Арман.kz десе, әдемі естілер еді. Не дегенмен бұл Қазақстан ғой” деді ол түнгі қаладағы дүкеннің жарқыраған жарнамасын көріп. Mechta.kz, ребрендинг жасағыларыңыз келмей ме, уақыты келген шығар?”, – деп жазды журналист.

Айта кетейік, 1992 жылы құрылған "Мечта" электронды тұрмыстық техника дүкендерінің желісінің Қазақстанда 101 дүкені бар. Бас кеңсесі Астанада орналасқан. Құрылтайшылары – Ерем Арутюнян, Юрий Готцелиг, Рима Усольцева, "Союз 12 Астана" ЖШС, "Новые Инвестиции” ЖШС.

Forbes мәліметінше, компания 2022 жылы 265 млрд теңге табыс тапқан.