Қостанай облысындағы ауруханалардың кредиторлық қарызы 3,6 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Наша газетаға" сілтеме жасап.
"Облыстық мәслихат сессиясының шешімі бойынша 728 млн теңге алдық. Бұл қаражат 2022 жылғы "СК-Фармация" ЖШС алдындағы дәрілік препараттар үшін, басқа жеткізушілердің бір бөлігі алдындағы кредиторлық берешекті өтеуге жұмсалды. Биылғы қазанда сессия өтіп, депутаттар 200 млн теңге сомасына өтінімімізді қолдады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаев.
Ол жылу беру маусымының басталуымен берешек мөлшері артуы мүмкін екенін жеткізді.
Данияр Жандаевтың сөзінше, медициналық ұйымдар тұрғындарды ескі тарифтер бойынша емдеп жатыр.