2700 қазақстандық жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылды

Ulysmedia

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов қанша қазақстандық жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылғанын айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

24.kz-нің мәліметінше, көлік құралын мас күйінде басқарған, бұрын мұндай құқықтан айырылған немесе жол-көлік оқиғасына ұшыраған жүргізушілер жүргізуші куәліктерінен өмір бойына айырылды.

«Жыл басынан бері 18 мыңға жуық жүргізуші мас күйінде көлік жүргізген. Бұл – полиция қызметкерлерінің көзіне іліккендері ғана», - дейді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.