Астанада 60 мемлекеттік балабақша салынады

Ulysmedia

Елордада 60 мемлекеттік балабақша салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазір қалада балабақша кезегінде 50 мың бала тұрса, құзырлы органдар бұл мәселені шешуде.

Қазіргі таңда мемлекеттік балабақшалардың құрылысын қалпына келтіру жұмыстары басталып, қала тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру үшін осындай 60 мекеме кезең-кезеңімен салынады деп жоспарланған.

Сондай-ақ, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында елордада да мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен 24 жаңа мектеп бой көтеретінін атап өтті.