Қытайда қорғаныс министрі мен қаржы министрі қызметінен босатылды

Ulysmedia

Қытай билігі негізгі ведомстволардың басшылары ауысқанын мәлімдеді. Қорғаныс министрі Ли Шанфу мен Қаржы министрі Лю Кун лауазымын босатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Генерал тамыз айының соңынан бері ел алдына шықпаған. Ли Шанфуды отставкаға жіберу туралы шешімді Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының тұрақты комитеті мақұлдады.

Генерал жайлы қауесеттер бірнеше аптадан бері айтылып жүр. Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ли Шанфу отставкаға кететіні Пентагон делегациясы Бейжіңге келгенге дейін бірнеше күн бұрын белгілі болған. Алып тастаудың ықтимал себебі шенеуніктің АҚШ санкцияларына ұшырауы болуы мүмкін.

Сарапшылардың пайымдауынша, америкалық әскерилердің сапары – Қытай мен АҚШ арасындағы әскери байланыстарды жоғары деңгейде қалпына келтірудің басы.

Айта кетейік, Қытайдың мемлекеттік телеарнасы әзірге Ли Шанфудың отставкаға кету себебін де, оның мұрагерінің есімін де жарияламады. Сондай-ақ Қорғаныс министрінің отставкаға кетуі Қытай қарулы күштерінің басшылығында тағы қандай кадрлық өзгерістерге әкеліп соғатыны белгісіз.

Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасының қаржы министрі лауазымына Шаньси провинциясының бұрынғы губернаторы Лан Фоан тағайындалды. Шенеунік бұл қызметте Лю Кунды ауыстырды. Қыркүйектің соңында қаржы министрінің жақын арада ауысуы туралы инсайдерлік ақпарат алған Financial Times газеті Лан Фоанның тағайындалуы Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің экономикалық командасындағы өзгерістерді аяқтайтынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим қашан жұмыс істей бастайтыны бұған дейін белгілі болған еді.