Елдегі әрбір бесінші мектепте санитарлық талаптар бұзылып жатыр

Аян Өрібай

Оқу жылы басында әкімдіктер дайындықты толық растағанымен, елдегі әрбір бесінші мектепте санитарлық талаптардың бұзылғаны анықталған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Бұл жөнінде үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

«Оқу жылы басында әкімдіктер дайындықты толық растаған болатын. Дегенмен бүгін де әрбір бесінші мектепте санитарлық талаптардың бұзылғаны анықталып отыр», - деді Ералы Тоғжанов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Осы себепті Ералы Тоғжанов әкімдерден тез арада арнайы жиналыс өткізіп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша барлық қажетті іс-шараны қабылдауды сұрады.