Петропавлдағы сепаратизм ісі: айыпталушылар сот алдына келді

Ғалиасқар Думан

Петропавлда сепаратизм ісі бойынша айыпталған "Халық жұмысшылар кеңесін" құрушылардың соты өтіп жатыр, Ulysmedia.kz.

видеодан кадр

Петропавлда сепаратизмге қатысты атышулы іс бойынша сот отырыстары басталды. Айыптау актісіне сәйкес, 2021 жылы айыпталушы Вячеслав Зудерман мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді және Қазақстанның тұтастығы мен бірлігін бұзуды насихаттай бастаған.

Прокурор айыпталушы Қазақстанды тәуелсіз мемлекет емес, корпорация деп санайтынын мәлімдеді. Ол өз ұстанымы мен көзқарасын таныстар мен әлеуметтік желілерде белсенді насихаттаған. Қолдаушыларды іздеп, үш әйелді табады. Олар да сот алдында жауап беруде.

2023 жылдың қаңтарында айыпталушылар халықтық кеңестерді басқа елдерде қалпына келтіру туралы ақпаратты белсенді түрде тарата бастады.

19 наурызда Петропавлда өткен жиналыста қатысушылар Қазақстандағы жеке куәлікті, сондай-ақ елдің азаматтығын қабылдамағанын жариялады. Бұдан басқа, Қазақстанды мемлекеттік басқарудың қазіргі уақытта қолданыста жоқ нысанына, атап айтқанда, Қазақ КСР-ге жатқызған.

Төртеуі де БАҚ немесе коммуникация желілерін пайдалана отырып, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді насихаттады, сондай-ақ сепаратистік қызмет жасады деп айыпталуда.

Сотталушылар кінәні мойындамайтындарын айтты. Сонымен қатар, Зудерман аштық жариялауды бастады, өйткені тергеу изоляторының әкімшілігі оның ұлымен хат алмасуына кедергі келтіреді-мыс.

Еске салайық, наурызда өздерін Петропавл тұрғындарымыз деп таныстырған бір топ адам Қазақстаннан «тәуелсізбіз» деп мәлімдеме жасап, Халық кеңесі құрылғанын жариялады. Олар Қазақстан Республикасын «корпорация» деп атап, оның құқықтық негіздерін жоққа шығарды.

Көп ұзамай Мәжіліс депуттаттары аталған тұлғаларға қатысты Бас прокурорға хат жолданатынын мәлімдеген.

31 наурызда Бас прокуратура СҚО-дағы сепаратизмді насихаттау ісіне қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

2023 жылғы 18 сәуірде Қылмыстық Кодекстің 179-бабы 2-бөлігі бойынша ( қауіпсіздікті ыдыратуға үгіттеу) және 180-бабы 2-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату) қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасағандықтары үшін «Халық кеңесінің» үш мүшесі ұсталғаны белгілі болды.

2023 жылғы 20 сәуірде Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотымен барлық үш фигурантқа қатысты мерзімі 2 айға «қамауда ұстау түрінде» бұлтартпау шарасы санкцияланды.