Алматы облысында полицей өз-өзіне қол жұмсады

Ғалиасқар Думан

Алматы облысында полиция қызметкерінің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

көрнекі фото

"Балқаш ауданының полициясына аурухана фельдшерінен аудан орталығының пәтерлерінің бірінде 31 жастағы полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл факт ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі (суицидке дейін жеткізу) бойынша тіркелді", - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Әріптестерінің мәліметінше, полиция қызметкерінің отбасылық қарым-қатынаста жеке проблемалары болған. Бұл тергеу шеңберінде тексерілетіні атап өтілді.

"Істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі. Тергеу барысын облыстық полиция бастығы бақылауға алды", - делінген ақпаратта.