Қазақстанда шенеуніктер мен әскерилердің ойын мекемелеріне баруына тыйым салынды

Ғалиасқар Думан

Мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне ойын мекемелеріне баруға тыйым салу туралы тиісті жарлық 17 қарашадан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Pexels

Шенеуніктер мен әскери қызметшілердің әдеп қағидаларына толықтырулар енгізетін жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Құжатқа сәйкес, Қазақстандағы әскери қызметші қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан бас тартуы тиіс.

Осындай норма Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне және ҚР Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әдеп кодексіне енгізіледі.

Айта кетейік, Қазақстанда құмар ойындарға тәуелді адамдар саны шамамен 36 мыңға жеткен.

Бұдан бұрын президент Тоқаев Қазақстанда құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырған.