Экс-министр Бишімбаев 2 айға қамауға алынды

Ulysmedia

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

«2023 жылдың 1 қарашасында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Бишімбаевқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген Астана сотының хабарламасында.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етілуге ​​жатпайды.