Трамп: Зеленский мен Путин осы мәнсіз соғысты тоқтатуы керек

life.ru

АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Путин мен Владимир Зеленскийді Украинадағы қақтығысты реттеу үшін кездесуге үндеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

АҚШ президенті журналистермен әңгіме барысында ұзаққа созылған әскери қақтығысты тоқтату үшін Ресей мен Украина басшыларының жеке кездесуі қажет екенін айтты. Сонымен қатар ол екі ел арасындағы соғысты «ақылға қонымсыз соғыс» деп атады.

— Менің білетінім — Зеленский мен Путин осы ақылға қонымсыз соғысты тоқтату үшін кездесуі керек. Менің ойымша, олар келісімге келгісі келеді, бірақ оны қалай жасау керегін білмейді, — деді АҚШ президенті.

Трамптың бағалауынша, Владимир Путин қақтығысты шешуге Украина тарапына қарағанда көбірек мүдделі.

Контекст

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына шабуылдарды тоқтатуға дайын екенін мәлімдеген еді. Алайда ол үшін Мәскеу Украинадағы энергетикалық нысандарға соққы беруді доғаруы керек.