Шектеулердің жаңа тізіміне ресейлік алмаздарды экспорттауға тыйым салу және Ресей мұнайының шекті бағаларын шектеу жөніндегі әрекеттерді қатаңдату кірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЕО дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель Еуроаймақ елдерінің СІМ басшыларымен кездесу барысында жаңа санкция пакеті туралы хабарлады.
Оның айтуынша, Еуропалық Одақ шенеуніктері Ресейге қатысты "12-ші cанкциялар пакетінің соңғы мәліметтерін" бекітеді. Бұл санкциялардың бір бөлігі Ресей экономикасының секторларына әсер етуі керек, екіншісі "жеке" сипатқа ие және "белгілі бір" адамдарға қарсы бағытталуы керек.
Атап айтқанда, жаңа санкциялар пакеті Ресейден алмаз тастарды экспорттауға тыйым салуды және елдің мұнай сатудан түсетін кірісін азайту үшін жаңа шектеулерді қамтиды.
Еуропалық комиссия ұсынылған пакетті 15 қарашада мақұлдауы мүмкін. Содан кейін ол блоктың 27 мүше елінен тұратын ЕО Кеңесіне талқылау және мақұлдау үшін жолданады.
Еуропалық одақ Ресей әлемдегі ең ірі шикі алмаз экспорттаушы екенін атап өтті. Ресейлік асыл тастардың үлесі бүкіл әлемдік нарықтың шамамен 70%-ын құрайды.
Айта кетейік, ЕО-ның соңғы, 11-ші санкциялар пакеті 2023 жылдың маусымында қабылданды.
Бұдан бұрын Путиннің Қазақстанға сапары қарсаңында Ұлыбритания Ресейге санкциялар салған. Шектеулерге 29 жеке және заңды тұлға, сондай-ақ Ресейге алтын сатудан түскен кірісті жеткізген БАӘ компаниясы ілінді.