Теңге долларға шаққанда қымбаттап, еуроға шаққанда күрт төмендеді

Ғалиасқар Думан

Ұлттық банк 16 қарашаға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

коллаж Ulysmedia.kz

Өткен аптада ұлттық валюта әлсірегеннен кейін теңге қайтадан долларға шаққанда нығайды. Мәселен, кешегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының ресми бағамы 461,53 теңгені құрайды, яғни ол 2,12 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, бұл – қыркүйек айының басынан бергі ең жақсы Ұлттық валюта бағамы.

Ұлттық Банк белгілеген еуро бағамы өткен күнмен салыстырғанда 500,76 теңгеден өсті. 

Рубль бағамы өсуде және бүгінде 5,17 теңгені құрайды.

Юань бағамы 63,68 теңгеге тең болды.