Атырауда алтыншы қабаттан құлап кеткен 5 жасар қыз ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 20 қазан күні сағат 15:05-те жедел жәрдемге шақырту түскен.
«Бүгін облыстық балалар ауруханасына Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағын ауданында орналасқан тұрғын үйдің 6-қабатынан құлаған 5 жасар қыз жеткізілді. Жансақтау бөліміне түскенде оның жағдайы өте ауыр болды. Науқаста жабық бас-ми жарақаты болған. Жамбасы сынып, ішкі ағзасы зақымданған. Дәрігерлер 5 жасар қыздың өмірін сақтап қалу үшін емдеу шараларын жүргізді. Алайда, ауыр жарақат алған қыз бала жансақтау бөлімінде көз жұмды» - делінген баспасөз хабарламасында.