Үкіметте өткен жиында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмалары талқыланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Шара қорытындысы бойынша Үкімет басшысы мүдделі мемлекеттік органдарға Марқакөл және Катонқарағай аудандарын қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды. БАҚ жазғандай, олардың Шығыс Қазақстанның картасында қайтадан пайда болатыны белгілі, жергілікті тұрғындар мұны тарихи оқиға ретінде қабылдады. Олар шекаралас аймақтардан халықтың кетуін тоқтату үшін Катонқарағай мен Марқакөлді дербес аудан орталығы мәртебесіне қайтаруды бірнеше рет сұраған.
Сондай-ақ үкіметте өткен жиында облыстағы Қандысу және Үйдене су қоймаларын, суармалы жерлердегі шаруашылық аралық және шаруашылық ішілік каналдарды қалпына келтіру мәселелері сөз болды. Премьер-Министр жалпы республикаға көптеген су қоймаларын қайта жаңғырту қажет екенін, сондықтан бұл жұмыстарды кезең-кезеңімен жүргізу керектігін атап өтті. Біз ең алдымен басым жобаларға назар аударуымыз керек.
Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу, республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу, жол инфрақұрылымын туристік нысандармен байланыстыру мәселелері бөлек қарастырылды.
Сонымен қатар, қатысушылар «Алтай» көтерме сауда орталығын, Риддер қаласында емханасы бар көпсалалы аурухана кешенін салу мәселелерін қаузады.
Сонымен қатар, тау-кен металлургия кешеніне инвесторлар тарту, жұмыс істеп тұрған су электр станцияларын жетілдіру және жаңа шағын станциялар салу, жылу көздеріндегі жөндеу жұмыстарының барысын бақылауды қамтамасыз ету және басқа да бірқатар мәселелер көтерілді.