Газ тапшылығымен ішкі нарыққа, оның ішінде Теңізшевройл резервтерінен қосымша тасымалының көмегімен күресу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Қазақстанда айына шамамен 135 мың тонна газ өндірілетінін хабарлады. Ал халық 10-15 мың тоннаға артық газ тұтынады. Сондай-ақ, ол былтыр 300 мың жүргізуші өз көлігін автомобиль газына ауыстырғанын айтты.
Жалпы Қазақстан Энергетика министрлігі үш жыл ішінде сұйытылған газдың бағасын жарты жылда бір рет 5 теңгеге көтеруді жоспарлап отыр.
– Бағаны көтеру мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, халықты отынмен қамтамасыз ету және өндірістің шығыны мәселесін шешу үшін қажет. Жаңа бағаны есептеу кезінде инфляция деңгейі де ескерілді. Бізде бүкіл тұтыну себеті қымбаттайды, сондықтан біз газды бір бағамен ұстай алмаймыз, - деді ол.
ТШО резервінен басқа Орынбор МӨЗ-ден де газ тарту жоспарланған. Оның көлемі айына 90 мың тоннаға дейін жетуі мүмкін.
– Автокөлік жүргізушілеріне баламалы отынға – сығымдалған метанға назар аударуды ұсынамыз. Бүгінде ол сұйытылған мұнай газына қарағанда біршама қымбат, литрінің құны 90-100 теңге", - деді шенеунік.
Бұған дейін Қазақстанда жетінші ай қатарынан бензиннің ең танымал маркаларының бағасы айтарлықтай өсіп бара жатқаны, ал Энергетика министрлігінде жарияланған газ тапшылығы аясында жақын арада күрт көтерілуі мүмкін екені хабарланған болатын.
Еске сала кетейік, 7 қарашада көгілдір отынды жеткізуде қиындық туғанын Энергетика министрлігінің газ өнеркәсібі департаментінің директоры Бақытжан Таубаев хабарлады. Ол зауыттан адресатқа дейін жеткізу уақытты қажет ететінін, осыған байланысты сұйытылған газ нарығында үзілістер бар екенін атап өтті.