Шығыс Қазақстанда 120-дан астам ауыл әлі интернетсіз отыр

Сырым Қаржас
Коллаж: Ұлысмедиа

Шығыс Қазақстан облысында 120-дан астам елді мекен интернетсіз отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Облыс орталығынан ең шалғайдағы Марқакөл ауданында 10-нан астам ауылда байланыс мүлде жоқ, деп жазады tv7.kz. Мәселен, Қытаймен шекаралас Матабай ауылында ешқандай байланыс түрі жоқ. Тұрғындар толық оқшауланған: олар тіпті жедел жәрдем шақыра алмайды, ал туыстарымен хабарласу үшін аудан орталығына баруға мәжбүр.

Билік өкілдерінің айтуынша, шағын ауылдардағы мәселе Starlink жүйесі арқылы шешілмек, ал ірі аудан орталықтарының тұрғындарына кемінде келесі жылға дейін күтуге тура келеді.

БИЛІК НЕ ДЕЙДІ?

- Бұл мәселені шешу мақсатында биыл Қазақстан ауылының маңына (8–9 шақырым қашықтықта) антенна-мачталық құрылымдар орнатуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Қазіргі уақытта барлық бастапқы деректер дайын, – деді Марқакөл ауданының ТКШ бөлімінің басшысы Самат Сүлейменов.