Бес жылда 100 мың IT-маман даярланады

Ulysmedia

2025 жылға қарай елімізде кемінде 100 мың білікті IT-маман даярланады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

24kz-ның мәліметінше, бұл туралы Премьер-Министр Асқар Маминнің қатысуымен өткен  Президент жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында айтылды.

Бес жыл ішінде ел өңірлерінде 20 инновациялық бағдарламалау мектебін ашу көзделіп отыр. Сондай-ақ, бағдарламалау мектептеріне 20 мың грант бөлу жоспарда бар. Сонымен қатар 2023 жылдан бастап Қазақстанның барлық орта мектептерінде «Информатика» пәнін ҰБТ-ға енгізе отырып, осы пән бойынша «Виртуалды мұғалім» жобасын жүзеге асырмақ.

Үкімет басшысы экономиканы цифрландыру, кадрлар даярлау және IT-саласын дамыту бойынша жоспарланған барлық жобалардың уақsтылы және сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.