Тоқаев Әзербайжанға жұмыс сапарымен келді

Ғалиасқар Думан

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін Бакуге келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

 

Сурет ҚР Президентінің баспасөз қызметінен

Ақорданың хабарлауынша, саммит СПЕК-тің 25 жылдығына арналған. Аталмыш шараға ұйымға мүше елдердің президенттері және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қатысады.

Еске сала кетейік, кеше мемлекет басшысы Беларусь Республикасына барып,  Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясына қатысты. ҰҚШҰ әскери-саяси блогы саммитінің басты тақырыптары –  халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, ұйымның алдында тұрған міндеттер мен ұйымға кіретін мемлекеттердің ортақ мүдделері болды.

Кездесуде сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыстың бірнеше басым бағыттарын бөліп көрсетуді ұсынды.

Айта кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан ұйымға төрағалық етеді.