Ақмола облысында 12 адам мұғалім дипломын пайдаланып, мемлекеттен 30 млн теңге алған

Ғалиасқар Думан

Бұл туралы Бас прокуратура ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Иллюстрациялық фото

Ауылдық жерлерге жас мамандарды тартуға мемлекет ерекше назар аударады және қомақты бюджет қаражатын бөледі. Осы мақсатта, 2009 жылдан бастап бүкіл ел бойынша «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, ол ауылдық жерде еңбек етуге ниет білдірген мамандарға жеңілдікпен кредиттер мен өтеусіз жәрдемақылар алуға мүмкіндік береді.

Алайда Бас прокуратураның хабарлауынша, кейінгі жылдары еліміздің ауылдық жерлерінде кадрлар тапшылығы едәуір теңестірілді, алайда «мамандар» деген атпен жекелеген адамдар жеңілдікті шарттарды пайдалана отырып, бюджет қаражатын алып жатыр. Мәселен, Ақмола облысының прокуратурасы бағдарлама шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну кезінде қолданыстағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізген. Оның нәтижелері бойынша жалған дипломдардың көмегімен жеңілдіктер алған және шарттық міндеттемелерді бұзған адамдар анықталған.

– Мәселен, 2021ж. «К» жалған диплом бойынша Атбасар ауданының оқу орнында биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқан. 2022 жылы мүліктік игіліктер алу мақсатында, сол жалған дипломды пайдаланып, бағдарламаға қатысқан (4,9 млн теңге алды). Осындай схеманы білім беру саласындағы тағы 12 «маман» пайдаланған. Залалдын жалпы соммасы 30 млн теңгеден асты, – делінген облыс прокуратурасының мәлімдемесінде.